Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының баламасын дайындады

 

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі » АҚ   Банк салымшыларын  2022 жылға дейін қолжетімді баспанамен  қамтамасыз ететін «Өз үйім» атты  дағдарысқа қарсы бірегей  бағдарлама  жасап шығарды.

Фото ЖССБК

Бағдарлама 3 бағыттан тұрады: жергілікті атқарушы органдардың  өзара іс-қимыл, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастық.

Қазіргі уақытта ЖАО-мен  (жергілікті атқарушы орган), екінші деңгейлі банктермен  және құрылыс салушылар арада   келіссөз жүргізіп жатыр.

«Өз үйім»  бағдарламасының мынадай  артықшылықтары бар:   Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің  салымшыларына толық басымдық беріледі, бір шаршы метрінің бағасы төмен, валюта бағамдарына тәуелсіз және үй сатып алу кезінде ерекше талаптар қойылмайды. Бағдарламаға  Банктің кез-келген клиенттері қатыса алады, алайда ең алдымен баспанасы жоқ салымшылар үй сатып алу құқығына  ие болады. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасынан» айырмашылығы,  Алматы мен Астана қалаларында соңғы екі жылда тіркеуде тұруы міндетті емес.

Қазіргі уақытта Бағдарламаның аясындағы орташа баға – 1 шаршы метріне  180 мың теңге. Заемның жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 5 – 10% аралығында.  2016 жылы бағдарламаның  барлық бағыты бойынша 350 мың шаршы метр құрылыс салынады. «Өз үйім» Бағдарламасы аясында  барлығы  1,5 млн. ш.м. үй салу  жоспарланып отыр.

Бұл бағдарлама Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі   Бағдарламасын толықтыра түседі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банк салымшылары осы бағдарлама арқылы баспананы  қолжетімді бағамен сатып ала алады. «Өз үйім» бағдарламасының бірегейлігі,  салымшылар ашық түрде дауыс беру арқылы   құрылыс салушыларды да, баспана жобасын да өздері таңдайды. Бағдарламаны  Банк  жеке қаражатынан қаржыландырады.

Осы жылы «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» және «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша  «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында  жалпы ауданы 459 мың шаршы метр болатын тұрғын үй салу туралы келісім жүзеге асырылады.  Мемлекеттік бағдарлама аясында бір баға бекітіліп, өзгеріске түспейтін болады. Бекітілген бір шаршы метрдің  бағасы – өңірлерде 90-110 мың теңге болса, ал Астана мен Алматы қалаларында 143 мың теңге болмақ.

Еске сала кетейік, «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі » АҚ  «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның  еншілес компаниясы болып табылады. Холдингтің мақсаты  –экономиканы дамытуға және әртараптандыруға жәрдемдесу, инвестиция тарту, кластерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында ұжымдық басқару жүйесін жетілдіру.

 

 

Талқылау