Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Бүкіләлемдік жинақ күнін атап өтті

28 қазан күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Бүкіләлемдік жинақ күніне орай Алматы қаласы тұрғындарына арнап қызықты әрі ерекше квест ұйымдастырды6-деп жазды Stan.kz

Байқау барысында қатысушылар әр уақыт кезеңдері  мен елдерге саяхат жасап, олардың қор жинақтаудағы ерекше тәсілдерімен және қазіргі таңда Қазақстанда тұрғын үй қорын жинақтаудың ең тиімді әдістерімен танысты. Бір айта кетерлігі, халықаралық бұл атаулы күн 1924 жылдан бері тойланып келеді.

«Еліміздің болашағы саналатын жастарды осындай байқаулар арқылы қаражат жинауға, болашағына жауапкершілікпен қарауға, «бірыңғай тұтыну» мәдениетін емес, «жинақтау» мәдениетін насихаттауға ынталандырғымыз келді. Квест өтетін орындарды белгілеудегі мақсатымыз да осы.

Байқауды ТҮҚЖБ бөлімшесі жанында немесе банктің халыққа ұсынатын бағдарламалары аясында салынған тұрғын үй кешендері ауласында өткізуді жөн көрдік. Әдемі үйлер мен пәтер иелері атанған бақытты жанұяларды көргенде, халық неге ұмтылу керектігін түсініп, банкіміздің салымшылары атануға және еліміздегі ең тиімді жолмен жеке баспана алуға асығады», – дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Жарнама және жұртшылықпен байланыс департаментінің басшысы Зәуре Масғұтова.

28 қазанда өткен «Жинақ күні» квестіне 113 адам тіркелді. Қатысушылар арасында отбасылар, студенттер мен жас мамандар бар. Солардың ішінде мәреге бірінші келіп, «Ең жылдам» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған 23 жасар Ақеділ Қайнарбай бар.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» квест ұйымдастырып жатқанын әлеуметтік желідегі жарнамадан көрдім. Сосын өзімнің бағымды сынап көруге бел будым. Әзірге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» жеке есепшотым жоқ, бірақ жақын арада ашу жоспарымда бар», – дейді Ақеділ Қайнарбай.

Жалпы байқауда Ақеділден бөлек «Ең білімді» номинациясы, Facebook, ВКонтакте, Instagram әлеуметтік желілеріндегі лайк саны бойынша тағы 4 жеңімпаз анықталды. Инстаграм парақшасында квестке қатысты жазбаларына 200 мыңнан лүпіл басылып, 300 мыңға жуық  рет қаралған Жанерке Елшін осы желінің «жұлдызы» атанды.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің»  квест ұйымдастырып, ұтысқа қомақты сыйлықтар ойнатылатынын бір танысымнан естідім. Кейін байқауға үй  кезегінде тұрған азаматтардан бөлек өзге де тұрғындардың қатыса алатынын білген соң, бұл мүмкіндікті пайдалану керек деп шештім.

Өз басым мұндай сайысқа алғаш рет қатысып тұрмын. Сондықтан, жаныма екі сіңлімді де ерте келдім. Осылайша, байқауға 1 үйден апалы-сіңлілі үш қыз қатыстық. Жолым болып, жеңімпаздар қатарынан көріндім. Жалпы мен 2 жылдан бері «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшысы болып келемін. Болашақта мен де жаңа пәтерде қоныс тойын тойлап, Павлодардағы ата-анамды Алматыға көшіріп алғым келеді» – дейді Жанерке Елшін.

Байқауға қатысушылар арасында банктің алғашқы салымшылары да болды. Солардың бірі – Бошайбекова Нұргүл.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» – ай сайынғы салым көлемі айтарлықтай көп болмаса да, үстінен 20% көлемінде сыйақы тағайындайтын еліміздегі жалғыз банк. Мен бұл банктің ең алғашқы салымшыларының бірімін. 2006 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында  екі бөлмелі пәтер алдым.

Қазіргі таңда банктен алған несиемді толық өтедім. Десек те, алдағы уақытта жаңа есепшот ашып, сіңлімнің де баспаналы болуын қалаймын. Ал жақында Инстаграм әлеуметтік желісіндегі жарнамадан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қарапайым халыққа арнап  квест ойындарын өткізеді деген ақпаратты оқып, бірден қатысамын деп шештім, – дейді Нұргүл Бошайбекова.

Оқи отырыңыз:

Мақпал Жүнісова Инстаграмға “ішкен-жегенін” салатын әріптестерін сынап тастады

Мәдина Сәдуақасова Төреғалимен дуэт айту үшін күйеуінен рұқсат сұраған

Гүлбану Әзімханова «Әлем аруы-2017» байқауына қатысу үшін Қытайға келді

Мейрамбек Бесбаев Жамбыл Жабаевтың көлігін көрсетті (видео)

Қайрат Нұртастың жары 10 жыл бойы немен айналысқанын айтты

Талқылау