Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалуын қадағаламақ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жанындағы (Бәйтерек Холдингінің еншілес ұйымы) Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, ережеге сәйкес ұйымның құрамы жаңарды.

nur1

Келер жылдарға арналған жұмыс мөлшерін белгілеген кеңес мүшелері, Үкімет қабырғасында әзірленіп жатқан «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын қоғамдық бақылауға алу қажеттігін сөз етті. Бұл үшін қоғамдық институт Бас прокуратурамен, және басқа да бақылаушы органдармен өзара әрекет туралы меморандумға қол қоюға ниетті.

IMG_8041

«Біз «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру қиындықтарын, оның орындалу кезінде түрлі даулы сұрақтар туындайтынын ескеріп отырмыз. Әрине, мұндай жағдайда Қоғамдық кеңес мүшелері туындаған мәселелерді шешуге ат салысып, осы мәселелермен жете айналысатын болады. Біз үшін бұл ең басты бағыт», – деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі Сергей Пономарев.

Қоғамдық кеңестің жаңарған құрамына атақты олимпиада чемпионы ЖақсылықҮшкемпіров, саясаттанушы Айдос Сарым, танымал журналист, жүргізуші және медиа жаттықтырушы Сергей Пономарев, қоғам қайраткері Мереке Күлкенов, жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы Ирина Лукьяненко, «Болашақ» жастар қозғалысының жетекшісі Даурен Бабамұратов,«Караван» газетінің экономикалық шолушысы Сергей Туник, «Время» газетінің шолушысы Михаил Козачков және Банк салымшылары еніп отыр.

IMG_8051

«Қоғамдық кеңес сияқты орган бізге керек», – дейді Қазақстанның риэлторлар қауымдастығының вице-президенті Нина Лукьяненко. «Нарықтың қиындығын және тұрғын үй алу механизмдерінің аз екендігін ескере отырып, мемлекеттің жаңа шешімдері нарықты ынталандыра алады, ал ең бастысы көптеген тұрғындарға өз баспанасын алуға жағдай жасайды. Кеңес құрамы мәмілелердің әр мәселесін, кезеңдерін және қыр-сырын білетін салымшылардан және бізден құралғандығы өте жақсы болды».

Қоғамдық кеңеске 2 жыл толып отыр. Ол 2014 жылы банк салымшыларының «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша пәтерлерді бөлу тетіктеріне қатысты сұрақтары көбейген кезде құрылған еді. Кеңес жұмыс істеген бірінші жылдың өзінде, еліміз бойынша жалпы ауданы 109 мың шаршы метрді құрайтын 30-дан аса тұралап қалған құрылыс нысандары анықталған болатын. Мәселен, Алматы мен Ақтау қалаларында тоғыз нысан, Көкшетауда бес, Атырау мен Шымкентте салынып бітпеген 3 және Павлодар мен Петропавлда бір нысан. Қоғамдық кеңестің белсенділігі арқасында қордаланған бұл мәселелер сол жылы, яғни 2014 жылы шешімін тапқан еді.

Нәтижесінде, 2015 жылы банк желісі бойынша проблемалық бір нысан ғана қалды. Ол Астанадағы Сауран мен №24 көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үй кешені болатын. Қоғамдық кеңес мүшелері құрылыс барысына екі рет барып, әкімдік, құрылыс компаниялары және салымшылардың қатысуымен отырыстар өткізді. Нәтижесінде үй құрылысы аяқталып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына пәтерлерінің кілттері табысталды.

Биыл тұралап тұрған құрылыс жоқ болса да, қоғамдық кеңес үшін алда атқарар жұмыстар аз емес. Өйткені, қазір әзірленіп жатқан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Үкімет тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша үлкен мақсат қойып отыр. Сондықтан қоғамдық кеңес мүшелері баспанаға мұқтаж салымшылардың мәселесін әрі қарай шешуге дайын екендіктерін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, кеңес жұмысына Банктің қатардағы салымшылары да [email protected] элекронды мекенжайына өз сұрақтары мен тілектерін жібере отырып, қатыса алады. Барлық сауалдар өңделіп, кеңес мүшелерінің қарауына жіберіледі.

Талқылау