Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ТҚЖБ «Өз үйім» бағдарламасы аясында Қызылордада 100 пәтерді қолданысқа бермек

«Қазақстанның тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ қатарынан екі тұрғын үйге тапсырыс қабылдай бастады. Жаңа объектілер Сырдария ықшамауданының Бейбарыс көшесінде орналасқан.

доп фото Кызылорда

Оның бірі пәтерге, екіншісі  –   60 пәтерге арналған. Тұрғынүй бір шаршы метріне 140 000 теңгеге бағаланып отыр. Эксплуатацияға 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кірмек.

Банк салымшылары 2016 жылдың 15 мен 24 тамыз аралығында өтініш бере алады. Мұны банктің www.hcsbk.kz ресми сайтындағы «Жеке кабинетінде» немесе Қызылорда қаласындағы филиалында толтыра алады.

доп фото

Құнын төлеуге қабілетті банк салымшылары желтоқсан айының ортасына дейін жаңа пәтер кілтін ала алады.

Айта кетейік, 2016 жылдың қаңтар айында салған бұл тұрғын үйлердің алғашқы кірпішін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі АҚ-ның  басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қалаған болатын. Ол сол кезде олар екі жақтық іскерлік меморандумға қол қойды. Осылайша, Қызылорда облысы «Өз үйім» бағдарламасына енген алғашқы аймақ болды.

Фото ЖССБК

Оның аясында Қызылордада 500 пәтерге арналған 10 тұрғын үй болмақ. Істің ауқымдылығына қарамастан, мемлекеттік бюжеттен ешқандай қаражат шығындалмайды.

Талқылау