Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұншықтырып, далаға апарып тастаған: Қостанай облысында ер адам танысының қызын қатігездікпен өлтірген

Қостанайда 10 жасар қызды өлтірген Павел Чеховтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті. Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам 10 жасар қызды өлтіріп, артынан денесін далаға апарып тастаған.

Тұншықтырып, далаға апарып тастаған: Қостанай облысында ер адам 10 жасар қызды қатігездікпен өлтірген

Бұл туралы «Костанайские новости» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сотқа дейінгі тергеу мәліметтері бойынша, Павел Чехов бұрын Ресейге көшіп кеткен. Алайда біршама уақыттан кейін Қостанай облысындағы Қарасу аулына қайтып келген. Ол ішімдікке әуестігі үшін жұмысынан айырылып, бірнеше жұмыс орнын ауыстырған.

Мұнан кейін Чехов кішкентай қыз Сашаның анасы Наталья Ефимовамен танысыпты. Олар көршілес Восток аулында тұрып жатқан. Ер адам олардың үйіне жиі келіп жүргендіктен, қыз оны бөтенсінбеген.

20 мамырда Ефимова құрбысының мерейтойына кетіп, көршісінен қызына қарап қоюын сұраған.

Артынша мас күйде болған Павел Чехов Ефимованың үйіне келіп, жатын бөлмеде ұйықтап жатқан қызды көрген. Осы кезде қыз оянып кеткен. Алайда Чехов оның аузы мен мұрнын жауып, осылайша тұншықтырып тастапты.

Мұнан кенін ол қыздың денесін ауылдың шетіне апарып тастаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау