Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұңғышбай Жаманқұлов сот алдында жауап бере бастады

Ал айыпталушы орындығында Жаманқұловтан бөлек фильм режиссері мен тағы оншақты адам бар. 69 миллион теңгені кімнің, қайда жібергенін енді әрқайсысы сотқа жеке түсіндіріп жатыр, деп хабарлайды КТК.

20170208210832

Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі қазір кепілақымен бостандықта жүр. Ал атышулы режиссер Талғат Жаныбеков екі айдан бері қамауда отырғанын айта кетейік. Бүгінгі отырыста адвокат режиссерді де кепілақымен босатуды сұрады. Қорғаушының бұл талап-арызына қатысты шешім ертең шығады. Басында ақшаны жегенін мойындамай, кейін кешірім сұрап, қаржының да бір бөлігін қайтарған Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі журналистерді көргісі келіп отырған жоқ.

“Көп мәліметті  дұрыс жеткізбей жатыр. Сондықтан біз қарсы болдық. Ауыздан шыққан мәлімет дұрыс жеткізілуі керек халыққа”, – Тұңғышбай Жаманқұловтың адвокаты Бақытгүл Қадырбекова.

Естеріңізде болса, Тұңғышбай Жаманқұлов ақша жымқырды деген айыппен ұсталған болатын. Актер өз кінәсін толықтай мойындап, кеткен шығынды өтеуге уәде еткен. Осының алдында ол президентке видео үндеу жолдап, араша түсуін сұраған еді. Жаманқұлов ақша жымқыру дерегін және оның өз жеке басына жұмсалғанын мойындаған. Сондай-ақ, ол өзін қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш те түсірген. Одан кейін танымал актер ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарып берді.

Талқылау