Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған қызын жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген әке сотталды

Өзінің туған қызына екі жылдан бері жыныстық қысым көрсетіп келген ер адамға үкім кесілді. Ол Шымкент мамандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен бас бостандығынан айрылды. 1387362771_3110

Бұл туралы kz.otyrar.kz  хабарлайды

Жасөспірімнің мінез-құлқындағы күйзелісті алдымен мектептегі ұстазы аңғарған. Мәселеге психолог араласып, оқушы қыз бар орын алған жәйтті мектеп директорына айтып береді. Осыдан соң полицияға хабар беріліп, 55 жастағы күдікті қамауға алынған болатын.

Әкесі қызына тиіседі дегенге, анасы сенбей келген. Тек тергеу барысында қызының осыдан бір ай бұрын өзіне қол жұмсамақ болғанын есіне алды. Сот барысында қыздың анасы өз күйеуіне еш аяушылық танытпайтынын айтып, оны өмір бойы түрмеге қамауды сұраған. Дегенмен бұл бапта ондай жазаның жоқ екені ескеріліп, сот сұм әкені 15 жылға темір торға тоғытты.

55 жастағы айыпталушының жазасы қазіргі таңда өз күшіне енді. Ал жасөспірім қыз арнайы оңалту бағдарламасынан өтіп жатыр.

Талқылау