Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған анасын өлтірген павлодарлық 11 жылға сотталды

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімімен көзделген қылмысты жасауда Ақтоғай ауданының тұрғыны Москвинді айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

1367770405_-kz

Іс материалдары бойынша, Ақтоғай ауданының тұрғыны өзінің азаматтық некедегі жұбайымен және бірнеше тұрғындарымен «ДША» («День ВДВ») күнін тойлап ішімдік ішкен. Спирттік ішімдіктерді ішу барысында жұбайымен жанжалдасып қалады. Жанжалға сотталушының анасы араласты.

Москвиннен қорыққан әйелі құрбысының үйіне кетіп қалады. Ал анасы баласына нарзылығын айтуды  жалғастыра береді. Сол уақытта Москвин анасын буындырып өлтірген.

Сот үкімі бойынша Москвин ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылған, оған 11 (он бір) жыл мерзімінде қатан режимдегі түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.

 

Талқылау