Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ту-154 ұшағы құлаған аумақтың алғашқы суреттері жарияланды (фото)

Ту-154 әуе кемесі апатқа ұшыраған аумақтан алғашқы суреттер желіде жария болды.

15591216_1360484600677710_754913447963166867_o

Суреттерді НТВ өзінің Фейсбуктегі парақшасына салған. Онда құтқарушылар ұшақ құлаған Қара теңізден қаза тапқандардың денелерін алып шығуда.

РФ қорғаныс министрлігінің ұшағы Сириядағы Ресейдің әуе-ғарыш күштері орналасқан Хмеймим базасына бет алған болатын.

Сочи маңындағы ұшақ құлаған аумақтағы іздеу-құтқару операциясы әлі жалғасып жатыр. Ресей құқық қорғау органдары қылмыстық іс аясында ұшақтың құлау себебін анықтау үстінде.

15676232_1360485090677661_6734924859583276863_o

Қазіргі таңда апаттың себебін анықтап, қаза тапқандардың туыстарына көмек көрсету мәселесі қарастырылып жатыр.

Ресей қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, әскери ұшақтың бортында Сириядағы әуе базасында концерт қоюға аттанған академиялық ансамблдің 64 әртісі және Александрова атындағы ансамбль мүшелері болған.

15731895_1360484597344377_4166078361525520287_o

Сондай-ақ, бортта әскери қызметкерлер, сегіз экипаж мүшесі, БАҚ өкілдері және “Әділетті көмек” қорының директоры, танымал дәрігер Елизавет Глинка да болған. Сонымен қатар, ұшақ ішінде “Звезда”, НТВ, “Евразия 1” телеарналарының журналистері болған.

15676412_1360484604011043_3498371367250014812_o

Ал ұшақты тәжірибелі ұшқыш Роман Волков басқарған. Оның жалпы әуедегі уақыты 3 мың сағатты құрайды екен.

Әуе апаты Қара теңіз үстінде 25 желтоқсан күні болды. Ту-154 ұшағы Сириядағы Хмеймим базасына аттанып бара жатқан. Ұшақта негізінен әншілер мен әртістер, журналистер болды.

Осыған дейін Александров ансамблінің солисі Вадим Ананьевтің ұлының дүниеге келуінің арқасында әуе апатынан аман қалғанын хабарлаған болатынбыз. Ұшаққа мінбей апаттан құтылғандардың ішінде халық әртісі Илсиф Кобзон да бар.

Оқи отырыңыз:

7-сынып оқушысына тұрмысқа шыққан 20 жастағы қызға сот үкімі шықты

Тойда бұрынғы жігіті қалыңдықтың ұятсыз суреттерін көрсетті (фото)

Мектеп оқушылары ұстаздарымен бірге шешініп тастап бүкіл әлемді шошытты

Танымал сәнбике Лондон көшелерін шалбарсыз аралады (фото)

Талқылау