Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамптың шешімімен биыл Ақ үйде Ораза айтқа орай қонақасы берілмейді

Айт мейрамына орай жайылатын салтанатты дастархан сонау 1996 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан болатын.

1891434

АҚШ президенті Дональд Трамп қасиетті Ораза айт мейрамына орай жиырма жылдан бері Ақ үйде беріліп келе жатқан салтанатты қонақасын жоспардан сызып тастады, деп хабарлайды muslim.kz.

Басылымның жазуынша, айт мейрамына орай жайылатын салтанатты дастархан сонау 1996 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан болатын. Сайлау алдындағы халыққа берген уәдесінде Дональд Трамп Ораза айт мейрамын тойлаудың ешқандай ерсілігі жоқ екенін айтқан болатын.

Дегенмен, АҚШ президенттігіне сайланысымен Трамптың мұсылмандар құқығына қарсы бірнеше бұйрық шығарып үлгергені белгілі. Атап айтқанда, Дональд трамп бұйрығы бойынша бірнеше мұсылман мемлекетінің азаматтарына АҚШ аумағына кіруіне тыйым салынды. Сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік департаментінде бірнеше жыл бойы үзбей өткізіліп келе жатқан ауызашар дастарханы да биыл жайылмады. Бұл жайында АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мәлім етті.

Тағы да оқыңыз:

Британдық газет Астананы Сингапурге теңеп жазды

Түркияда мектеп оқулықтарынан Дарвиннің эволюция теориясын алып тастады

Әйелі қонақүй бөлмесіне кіріп келіп күйеуінің көңілдесін ұрып тастады (видео)

Талқылау