Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Испания премьерін президентпен шатастырып ұятқа қалды

АҚШ президенті Дональд Трамп Испания премьер-министрі Мариано Рахоймен келіссөздер жүргізіп отырып оны “президент” деп атаған. Артынша әлеуметтік желідегі жазбасында оның есімін шатастырып алған.

Бұл туралы  РИА Новости басылымы хабарлайды.

“Мен Испания президенті Марианор Джойды қабылдағаным үшін ризамын. Солтүстік Кореяның қатыгез режиміне тосқауыл қоюға көмектеспек ниеттері үшін алғыс айтамын” деп жазады президент өзінің парақшасынды.

Мұнымен қатар, Трамп кездесу кезінде де премьерді “президент мырза” деп атаған еді. Десе де, Рахояның еліндегі қызметі “Presidente del Gobierno” деп аударылады.

Қателік АҚШ президентінің емес, Ақ үй қызметкерлерінің тарапынан болуы мүмкін. Олар пресс-конференция кезінде қателікке бой алдырған еді. Ал әлеуметтік желі қолданушылары президентті бұл салғырттығы үшін сынап тастады.


Жіберіп алмаңыз:

Венесуэла халқы шаштарын сатып күн көріп жүр

Дубайда ұшқышсыз тұңғыш әуе таксиі көкке көтерілді

БАӘ имамы: Әйелдердің ақылы кем. Оларға көлік тізгінін беруге болмайды

Даяшы үстел басында отырған баланың бетіне ыстық сорпа төгіп алды (видео)

Талқылау