Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төзімділігін дәлелдемек болған секта көсемі жұрттың көзінше ыстық суға түсіп көз жұмды

Дәрігерлер оның жүрек талмасы салдарынан қайтыс болғанын айтты.

Бұл туралы Star TV басылымы жазды.

Малайзияда даолық секталардың көсемі ерекше трюк орындап жатқан сәтте ажал құшты. Ол металлдан жасалған буландырғыштың ішіне кіріп отырған. Ал буландырғышты қайнап тұрған ыстық судың көмегімен жылытып отырған екен.

Оқыс оқиға 23 қазан күні Айер-Тавар қаласында Sanglang Qinglong ғибадатханасының ішінде болған. Жиналған жұрт тоғыз құдайдың құрметіне арналған мерекені атап өтіп жатқан екен.

65 жастағы Лим Ба буландырғыштың ішіне кіріп, жарты сағаттан кейін есігін қаға бастаған. Ал алып шыққан кезде, талып қалған. Шұғыл ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап үлгермеді. Дәрігерлер оның жүрек талмасынан қайтыс болғанын айтады. Мұнымен қатар, денесімен екінші дәрежелі ісік табылған екен.

Лим Ба бұл трюкті соңғы 10 жылдан бері орындап келе жатқан. Әдетте ол буландырғыштың ішінде 75 минут отырады екен. Марқұмның қызының айтуынша, әкесі трюктің алдында өзін жайсыз сезініп тұрған.


Жіберіп алмаңыз:

Ресейде депутаттың батутта секіріп көз жұмған сәті таспаға түсіп қалған (видео) 

72 мұсылман намазда тұрған қалпында көз жұмды

Францияда баласына Жиһад деген есім берген ата-ана сотта жауап бермек

Студент қыз түнгі клубта секспен айналысқан видеосы тарап кеткен соң оқудан шығуға арыз түсірді

Талқылау