Тозақта жаныңдар. Қазақстандықтар Денис Теннің өліміне күдіктілердің парақшасын тауып, лағнет айтып жатыр

Қазақстандықтар Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Теннің өліміне күдіктелгендердің парақшасына кіріп, оларға қарғыс жазып жатыр, деп хабарлайды күдіктілердің жеке парақшасын зерттеген Stan.kz тілшісі.

Денистің өліміне күдікті Нұрәлі ВКонтакте парақшасына “қымбат нөмір” мен қарудың суретін жариялаған.

Осыған қарамастан күдікті Аллаға сенеді, мешітке барып тұрады. Анасы мен інісін жақсы көреді. Достарымен мерекеде бас қосады.

Былтыр Нұрәлі көлік аккумуляторы мен DVD-плеер, магнитофон ұрлағаны үшін істі болды. Оған әкімшілік жаза тағайындаған.

Оның жақтасы деген күдікті Арман Құдайбергенов, мәлімет бойынша, 3 жыл бұрын Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдаған. Полицейлер оны әлі тапқан жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, кеше танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді бұзақылар пышақтап кеткен болатын. Кейіннен, ауыр жағдаймен ауруханаға түскен спортшының жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланды.

Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті – 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар