Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойшан Бектеміров: Ауыр атлетикадан олимпиададағы бар үміт Денис Улановта

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Тойшан Бектеміров, допинг дауына байланысты өрбіген жағдайға пікір білдірді.

ac3b6323-54dd-417f-942c-108b2542f3c2

Сурет today.kz

“Олимпиада чемпиондарымыз бір емес бірнеше себептің құрбаны болып жатыр. Нақты мына бір себептің құрбаны болды деп айта алмаймыз. Тіпті, қай себептен екеніне өзіміз тоқтам жасай алмай, басымыз қатып кетті. Оның ішінде саясаты да бар, көре алмаушылықтан қызғаншақтыққа дейін бар. Ешбірін сызып тастай алмаймыз. Бәрі мүмкін. Енді 27 маусымды нақты шешім шығады, сосын сотқа береміз. Әрі қарй не боларын көре жатармыз”, – дейді бапкер.

Бектеміровтың айтуынша Қазақстан құрамасы олимпиада ойындарына 5 ұл, 3 қызды үкілеп алып баруы мүмкін екен.

“Негізі осы Олимпиадада 85, 94 және 105 келіде алтын алып, “жыртамыз” деп жатқанбыз. Ендігі бар үміт 85 келідегі Денис Улановта. Осы жігіт бұйырса алтын алады”, – дейді Тойшан Бектеміров.

“Қазір командада аура жақсы. Әдеттегідей жаттығу жүріп жатыр. Ильядан бастап, Алмас, Жасұланға дейінгі жігіттер жаттығу залында жүр”, – деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық төрт олимпиада чемпионының қанынан допинг тауып, сайыстардан уақытша шеттеткен болатын.

Талқылау