Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Toyota өртену қаупі болғандықтан 1 миллионнан астам көлікті кері қайтарады

Жапондық автоөндіруші Toyota Motor Prius және C-HR маркалы 1 миллионнан астам көлікті кері қайтарады. Бұл көліктердің өртену қаупі бар.

Компанияның ресми өкілі Жан-Ива Жоның айтуынша, 1,03 миллион көлік қайтарылуы тиіс. Оның 554 мыңы Жапониядан, 192 мыңы АҚШ-тан алынады. Тағы қай елдерде көлік қайтарылуы тиіс екені айтылмайды. Ресми өкілдің айтуынша, бір көліктің түтіндеуіне байланыстыоқиға тіркелген. Ол кезде еш адам құрбан болған жоқ.

Компания мәліметіне сәйкес, қозғалтқышты басқару блогына қосатын сымдар уақыт өте тозып, қысқа тұйықталуы немесе өртенуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бұл биылғы жылдың мамыр айына дейін өндірілген C-HR моделінің гибридті нұсқасы, электронды көлік нұсқасын қоса алғанда, соңғы шыққан Prius барлық машиналарына қатысты.

Toyota 2015 жылға дейінгі Prius нұсқасын, ал 2016 жылдың желтоқсанында C-HR-ны шығара бастады.

Toyota Motor Corporation – Toyota Group компаниясының ірі бөлімі және жапондық автоөнеркәсібінің көшбасшысы. Компания 1937 жылы құрылған, оның штаб-пәтері Тойота қаласында, Айчи префектурасында орналасқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау