Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Toyota көліктерінің дөңгелегі ажырап кетуі мүмкін деген қауіп бар

2019 жылғы Toyota C-HR көліктерін құрастыру кезінде қателіктер кетті деген күдік бар.

Toyota C-HR Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/autos/Toyota-avtomobildernn-dongeleg-ajyirap-ketu-mumkn-degen-kaup-292743/ Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Қазір Toyota C-HR көліктерін текеруден өткізуде. Аталған көліктің 700-ге жуық түрі қате жасалған болуы  мүмкін. Егер солай болған жағдайда көлік иелеріне бұл жайлы хабар беріледі.

Көліктердің артқы осьтік мойынтіректеріне арналған болттарды жинақтау кезінде дұрыс бұралмаған болуы мүмкін. Осы себепті тежеуіштің қосалқы бөлшектері дұрыс жұмыс істемеуі немесе артқы дөңгелектердің ажырап кетуіне әкеп соғуы мүмкін.

Егер көлікті тексергенде болт ажыратылған болса, көлік бөлшектерін қайта ауыстырады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау