Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Toyota Camry автобуспен соқтығысып, жүргізуші жол апаты орнынан қашып кетті

Алматыда көлік жүргізушісі қызыл жарыққа өтіп кетіп, автобуспен соқтығысқан,-деп жазды Sputnik Қазақстан басылымы.

Жеңіл көлік пен автобус соқтығысқан жол апаты Алматы қаласында Алтынсарин және Жұбанов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Куәгерлердің айтуынша, 103 бағдарлы автобус Алтынсарин бойымен солтүстік бағытқа бағдаршамның жасыл жарығына кетіп бара жатқан. Toyota Camry – Жұбанов бойымен шығыс бағытта.

Бағдаршамның қызыл жарығын ескермеген жүргізуші автобусты бір-ақ қаққан. Қатты соққыдан автобус пен Toyota бордюрге шығып кетіп, жеңіл көлік ағашқа соғылыпты.

Жол апатынан екі адам зардап шекті — Toyota Camry жолаушысы мен автобус жүргізушісі. Олар әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.
Toyota Camry рөліндегі жүргізуші жол апаты орнынан қашып кетті. Болған істің мән-жайын полиция анықтайды.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте жаяу қалған шенеуніктерге қызметтік көліктері қайтарылды

ОҚО халқы мал жаятын жерді сатып алған байлармен атысамыз деп отыр

Семейде парамен қолға түскен 55 жастағы мектеп директорына қатысты үкім шықты

Оралда өңірге белгілі кәсіпкер Александр Қарағойшин қамауға алынды

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратқа ең алғаш ғашық болған кездері туралы айтты

Ақбота Сейітмағамбет актер Дидар Кәденмен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Талқылау