Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойға келген қазақстандық әйел өзін зорлаған еркекке пышақ ала жүгірді

Парасат #Немолчи  қозғалысы құрған зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған топтық жаттығуға келді. Оны жасөспірім кезінде бірінші рет зорлаған. Бүгінде 33 жастағы қыздың көксегені – кек алу ғана.

нож

 

Отын дайындауға шыққан Парасатты дәл үйінің жанында жасы 30-дан асқан екі еркек аяусыз зорлағанда, қыз небәрі 14 жаста еді.

Зорлық әрекеті қатарынан бірнеше жыл жалғасқан. Анасы және кәрі әжесімен бірге тұратын Парасат болған оқиғаның бәрін туыстарынан жасырып келген. Зорлағандардың бірі – жоғары шенді полиция қызметкерінің ағасы. Ол қыздан үндемеуін талап етіп, сес көрсеткен.

Зорлық-зомбылық құрбанының сөзінше, күндердің-күнінде бойына бар күш-жігерін жиып, полицияға барып, арыз жазған.

Алайда ондағылар қыздың дәл көз алдында қағаздың күл-паршасын шығарып, өзін аяусыз соққыға жыққан. Басынан зақым алған Парасат ауруханаға түседі. Ал ауыл ішінде оның жезөкше екені жайлы сыбыс тарайды.

Айналасындағылар сыртынан өсектей бастағанда, ашынған қыз зорлағандардың бірін жер жастандыруға бел буады.

Барлығы үлкен тойда орын алған еді. Ол құрметті ағатайдың жанына барып: «Есіңдемін бе? Сен мені зорлап едің», – деп, пышақ сұғып алады. Бірақ соққы әлсіз болғандықтан, беделді ағатай тек жарақатпен шектелген. Ал қызды полицияға жеткізген. Мұнан кейін оны психиатриялық клиникаға жіберген. Қылмыстық іс қозғалмағандықтан, дәрігер біраз уақыттан соң Парасатты үйіне шығарды.

Ол біраз уақытқа Алматыға жол тартып, мұнда жұмыс істеп, өмір сүріп, сырқат анасын қолдауға тырысады. Десе де тапқан ақшасы ештеңеге жетпегендіктен, қайтадан ауылға оралды.

Бәрі тағы да қайталанды! Бұл жағдай былтыр болған-ды. Жергілікті дәмханаға жұмысқа орналасқан Парасат түнде жұмыстан қайтқан. Осы сәтте үш еркек тап беріп, аяусыз зорлап, ұрып-соғып, өзенге лақтырып тастайды. Ол кішігірім болғанымен мұздай суық өзенде жатып, аурудан денесін қозғай да алмай, жай ғана Жаратушыға жалбарынумен болды. Бұл сәтте жылауға да шамасы келмеді. Тек аспанға тесіле қарап, Алладан тірі қалуы үшін күш беруін сұрады. Өкпесі мен бүйрегінен суық өтіп, тістері түсіп қалған. Оған қоса созылмалы пневмониядан жыл бойы айығар емес.

Алайда Парасат, не де болса, әдемі көрініп, жақсы киінуге тырысады. Мектепте үздік оқыған қыз өмірде көп нәрсеге қол жеткізеріне сенген.

«Ол өмірінен бір үзік сыр шертті. Жаны шырылдай жылағанымен, тәні мен жүзі дір етпеді, көзінен бір тамшы жас та тамбады», – дейді топтық жаттығуға қатысқан қыздардың бірі.

Белсенділердің сөзі бойынша, шалғай ауылдардағы зорлық-зомбылық – аса маңызды мәселе. Туыстары орын алған «сұмдықты» жасыру үшін барын салады. Сондықтан қылмыскерлер жазаға тартылмай келеді.

Ауылдағы зорлық-зомбылық – жаңалық емес. Және ол жайында білетін әр қыз баласы әсіресе, тұрмыс құрмай тұрып зорлықты бастан кешуден қорқатынын айтады белсенділер.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматыда 4 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апаты болды

Ақтөбе облысында жас дәрігер қызды көршісі айуанша сабап зорлап тастаған

Қазақстандық бойжеткен Бахрейнде құрбысының кесірінен құлдықта болған

Талқылау