Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тойға барудан қалдық". Депутаттар каникулда үйден шыға алмай қалғандарын айтты

Карантиннің зияны қарапайым халыққа ғана емес, Парламент депутаттарына да кесірін тигізіп отыр. Еңбек демалысында жүрген олар қанша қаласа да қазір той-томалаққа бара алмай, демалыстарын отбасының жанында өткізіп жүргендерін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.  

Депутат Берік Әбдіғалидың демалысы қазақ тарихын зерттеумен өтіп жатқан көрінеді. Үш бөлмелі қызметтік пәтерде үш ұлы, жұбайы бесеуі тұрады. Қолы қалт етсе ұлдарының спортына көңіл бөледі, аулада серуендейді. Тіпті арнайы демалу үшін курорт немесе санаторийге де бармапты. 

“Мен де анда-санда жаттығамын. 5-6 сағат жұмыс істеймін. Қалған уақытта отбасымызбен далаға серуендеп шығамыз. Мүмкіншілік болса табиғатқа шығамыз. Ауылға бардым отбасыммен. Ұлытауда, Торғайда болдым”, – дейді депутат. 

Берік Әбдіғалидың пәтерінде аса қымбат жиһаз бен мүлік жоқ.

Пәтерінің жатақханаға ұқсайтынын айтқан депутат Ерлан Саиров көбіне үйде отырмайды. Жақында отбасымен Черногорияға барып, демалып келген. 

“Карантиннің кесірінен ешқандай той-томалақ пен қонаққа бара алмай, үйде отырып қалдық. Елге қайтқың келеді. Жақсы болса да 2-3 күннен кейін ауылға қайтқың келеді ғой. Үйдеміз. Кітап оқимыз.Және кешке кемінде 7-10 километр жаяу жүру. Одан кейін сол күзгі жұмысқа дайындық қой қазір”, – дейді ол. 

Ал атымда жалғыз ескі "Уазигім" бар деген ақжолдық депутат Берік Дүйсенбиновтың демалысы Қояндыда жылқы бағумен өтіп жатыр.

Ақтөбеде жүрмін деген Дәния Еспаева демалысын немере бағуға арнапты. Нұр Отандық Бекболат Тілеуханның спортқа көңіл бөліп жүргенін әлеуметтік желілерден көруге болады. Сондай-ақ парламентке биыл депутат болып сайланған Жанарбек Әшімжан да бассейнге, санаторийге барғанын әлеуметтік желіде ашық жариялап жүр.

Талқылау