Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойдағы келіннің атасының аузына торт тыққаны ерсі ме?

Адамның бір қызығы бала деген»… Жоқтан бар жасап, дүркіретіп той өткізетін қазақтың қасиеті бүгінде ешкімді таңдандырмайды. Әйтсе де, той кезінде ойнатылатын ойындар мен жасалатын жөн-жоралғылар талайдың құтын қашырып бітті.

Photo by Andrey Ivanov. Copyrighted. Visit photographer's personal website www.a-ivanov.info

Бүгінде желілер мен интернетке аяқ бассаңыз, алдыңыздан тойда биді «шашып» жүрген қыздар мен кіндігін ашып жүрген жеңгелерді жиі көресіз, деп хабарлайды korrespondent.kz.

Қып-қысқа киіммен түскен суретін салып, «мұнда ата-енеміз жоқ, сондықтан бола береді» деп пікір қалдыратын шоу-бизнес өкілдері де баршылық. Қыздан қылық кетсе, ұлдан ұят кететінін айта-айта тіптен ауыз ауыртып болдық. Ал енді ең болмаса, тойдағы торттың төркініне тоқталалық…

Өзінің берген бір сұхбатында Зейнеп Ахметова: «Тойдағы тағы бір жағымсыз нәрсе – той салтанаты үстінде шамды өшіру. Қазақ «шырағың сөнбесін!» дейді. Той үстінде шам сөндіру ырымға жаман. Шамды неге сөндірді десеңіз, өйткені, торт әкеле жатыр. Бір шаңырақтың иесі болып, түтін түтеткелі отырған азаматқа торт кестіру қай ата-бабамыздан қалған салт еді?! Жаңа түскен келін қайын атасының аузына қасық тығып жатыр. Келмей жатып қасық тықса, ертең көзін шұқып алады ғой. Неге осы жерде келін шайын жасамасқа?! Бұл да – қазақта бұрыннан бар дәстүр. Той өткен соң ауылдағы қариялар «келіннің тәтті шайын ішеміз» деп келетін»,-дейді.

Шынында да, неге біз ата-ененің аузына торт тығуды дәстүрге айналдырып алдық? Ұят емес пе? Осының ұят екенін көп ақсақалдар білмей ме? Расын айту керек, әй дейтін әже, қой дейтін қожаның болмағандығы бұл. Ақыл айтар ақсақалдардың қалмағандығының бір көрінісі. Ақсақалы ақыл айтып, әжесі тәрбие беріп, жөнге салып отырмаса, жастар да білгенін істегені істеген. Бұған тойлардағы өзін қатты жақсы көретін асабаларды қосыңыз…

Жіберіп алмаңыз:

Тойда билеген Мейрамбек ғаламторды «жарды» (видео)

ОҚО тұрғыны халал тойдан қалай мас болып келгендерін айтып берді

Қазақ тойында билеп жүрген қара нәсілді құдалар жұрттың ашуын келтірді (видео)

Алматылық кәсіпкер тойға келген қонақтардың әрқайсысына 150 мың теңгеден таратты

Тойда гүлге таласқан қыздар төбелесіп кетті (видео)

Талқылау