Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойда қазақ биін мың бұрала билеген әжей әп-сәтте ғаламтордың жұлдызына айналды (видео)

Тойда қазақ биін мың бұрала билеген әжей әп-сәтте ғаламтордың жұлдызына айналып шыға келді


Биді икеміне келтіріп билеп, үлкенге де, кішіге де үлгі болған қарт көпшілікті сүйсіндірді.

Кимешек пен қазақи бешпет киген кейуананың ортаға шығып, мың бұралып, қазақ биін билеуі көпшілікке ұнап, әлеуметтік желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Ұлттық биді әсем қимылдармен көрсеткен әжейдің биі соңғы кездерде тойларда секіріп билеп, ерсі қылық көрсететіндерге үлгі деген пікірлер көптеп жазылған.

31 канал

Талқылау