Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойда ер адам өзгемен билеген әйелін бір тепті (видео)

Желіде ер адамның тойда билеп тұрған әйелді бір тепкен сәті жарияланып кетті. Көпшілік келіншекті оның әйелі деп топшылады.

Оқиға көрші қырғыз елінде болған. Ер адам өзгемен билеп жатқан өз әйелін қызғаныштан ұрғанға ұқсайды. Видеодан қырғыз әні қойылып тұрғанын, ер адамдардың қырғыз қалпағын киіп жүргенін көруге болады.

Желі қолданушылары ер адамның ерсілігін айтып, сынға алды. Әйелдің ешқандай сөкеттік әрекет жасамағанын айтып ақтады.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі әйелден шағым түскен жағдайда ғана тексеріс басталатынын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау