Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Той кезінде туған әпкесін қуып жіберген қалыңдық ұятқа қалды

Желіде жас қыз өзінің әпкесіне шағымданып, үйлену тойының шырқын бұзғанын айтты. Оның сөзінше, әпкесі орынсыз тілек айтыпты. Алайда желі қолданушылары қызды қолдаудың орнына, оны сөгіп тастады, деп жазады Stan.kz.

Той кезінде туған әпкесін қуып жіберген қалыңдық ұятқа қалды

Шетелдік Reddit сайтында жазба қалдырып, әпкесіне шағымданған қыз мән-жайды айтып берді. Оның сөзінше, әпкесі тойда қызжолдас болған. Әпкесі тілек айтқан кезінде өзі күйзеліске түскенде болашақ күйеубаласының қолдау көрсеткенін айтып, оның жақсылығын атап өткісі келіпті. Алайда оның дәл осы сөзі қалыңдыққа ұнамай қалған.

«Бұл ғана емес, бүкіл сөзі өзі туралы болды. Бұл менің тойымда орын алды. Артынша қонақтардың 90 пайызы оны мақтап, қошемет көрсетіп, «мықты» екенін айтып жатты. Өз тойымда ешкім маған көңіл аудармады», - дейді жас қыз. 

Мұнан кейін төзімі таусылған қалыңдық туған әпкесіне ұрысып, тойдан қуып жіберіпті. Айтуынша, ата-анасы өзін қолдаған. Алайда күйеуі мен жақын достары оның әрекетін дөрекілік деп таныған.

Желі қолданушылары жазба авторын өзін ғана жақсы көретін өзімшіл адам деп атады. Олар мұндай әрекет тек кішкентай балалар үшін ғана кешірімді екенін айтып, қызды ұялтып тастады. 

Кейбірі қалыңдық әпкесінің сөзін жақтырмаса да, оны ұмытып, көңіл көтеруге болатынын айтты.

«Бұл өзгенің көңіл бөлгенін талап ету үшін қолайсыз уақыт болды. Әпкесін қуып шыққаны да ұсақтық. Ол айтқысы келгенін айтты. Ал сіз алға жылжудың орнына, содан үлкен проблема жасадыңыз», - дейді пікір қалдырушылардың бірі. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр