Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Той иесі Мақпал Жүнісованың ақшасын бермей, алдап кетті

Жуырда Мақпал Жүнісованы той иесі тақырға отырғызып, алдап кетті. Қазақстанның халық әртісі әнін айтып, халықпен суретке түсіп, ақша туралы ұмытып кеткенін айтты. Ал осы жағдайды пайдаланған той иесі әншінің ақшасын бермей қойған.

photo(2)

«Тойға барып, өлеңімді айттым. Бірақ ақшаны алуды өзім ұмытып кетіппін. Халықпен суретке түсіп жүріп ақша туралы мүлдем есімнен шығып кеткен. Үйге келген соң есіме түсіп, той иесіне звондасам тұтқасын көтермейді. Бірнеше рет хабарластым. Ақыры ала алмадым», – деді Жүнісова «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.

Той иесіне хабарласа алмаған «Қазақтың ерке қызы» кейін ол туралы мәлімет іздестірген.

«Сұрастырсақ алаяқ екен. Алдаған. Солай әртістерді алдап, ақымақ қылғанды жақсы көретін біреу екен», – дейді Жүнісова.

Алаяққа алданып, көңілі қалған әнші бұдан былай тойға шақыратын жандар келісілген соманы 100% төлемейінше, тойға бармайтынын айтты.

Жіберіп алмаңыз: 

20 жастағы Мәдина Сәдуақасова: әнші қандай болды? (видео)

Қазақстандық арулардың «Еркек болсаң дәлелде» атты бейнебаяны жұртты шошытты (видео)

Саят Медеуов: Қызым біреуге тоқал боламын десе, қарсы емеспін

Ұйымдастырушылар Ninety One тобының Ақтөбеде өтпей қалған концерті үшін 6 миллион теңге талап етуде

Талқылау