Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Той алдындағы кеште 28 жастағы жігіттің жыныс мүшесіне оқ тиді

Мысырда 28 жастағы Осман өзінің той алдындағы кешінде жыныс мүшесіне байқамай оқ тигізіп алды. Оны кеш барысында оқ атудан жарыс ұйымдастырған досы жарақаттаған екен.

Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.

Ертесінде тойға баруы керек болған Осман шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Досының әзілінің салдарынан жігіттің қолына, жамбасына және жыныс мүшесіне зақым келген. Оқыс оқиғадан кейін Османның 26 жастағы досы қашып кеткен екен. Алайда араға бірнеше сағат салып жігіт ұсталды.

Заңмен тыйым салынса да, Мысырда жігіттер жиналған кеште міндетті түрде оқ атудан жарыс өтеді. Желі қолданушылары өз кезектерінде Османды сабырға шақырып, оған қолдау білдіріп жатты. Ауыр жарақаттар салдарынан Османның тойы кейінге қалдырылды.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте жаңа туған нәрестесін өлтіріп қоқысқа тастаған әйел Астанадан табылды

Талдықорғанда көз жұмған мұғалімнің әйелі тергеу мәліметтерімен келіспейтінін айтты

Қарағанды облысында билік өкілдері бір әйелдің еміне мемлекеттен 15 млн теңге бөлді

Қарағандыда полицей самбо әдісін пайдаланып, күдіктінің басын асфальтқа ұрған

Талқылау