Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыс: қылмыскермен кездесіп қалған кезде не істеу керек

5 маусым күні Ақтөбеде болған терактіден кейін саясаткер Талғат Қалиев төтенше жағдайлар кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі жөнінде кеңесін ұсынды, Хабар арнасы хабарлайды..

1468826653-4940

Фото: Reuters

Оның айтуынша, біріншіден, атыс бола қалған жағдайда қашушы болмаңыз. Қарсы жақ сізді қарсыласы екен деп ойлауы мүмкін. Сондықтан жерге жата қалыңыз. Жағдайды байқаған соң, ол жерден кете алатындай әрекет етіңіз. Бірақ көлікпен қашам деп ойламаңыз. Ол атыс кезінде жарылып кетуі әбден мүмкін.

Сондай-ақ, қылмыскермен бетпе-бет келіп қалған жағдайда оның көзіне тура қарамаңыз. Оған сіздің өзін есіне сақтап қалғаны керек емес. Ол куәгердің болмағанын қалайды. Және айқайлап, эмоцияңызға ерік бермеңіз.

Адамда не істерін білмей бір-бірін баса-көктеп жатқан жерден бойыңызды аулақ ұстаңыз. Ондай жағдайда адамдар арасында нағыз кептеліс болады. Ал, қылмыскерлер адам кептелісін тиімді пайдаланады.

Бастысы, салқынқандылық танытып, өзіңізді бақылауда ұстаңыз. Эмоцияғы берілсеңіз жағдайды ушықтырып алуыңыз ғажап емес.

Айта кетейік, дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Талқылау