Төсін жалаңаштап танылған астаналық модель сүйіктісінің өзін ұрған оқиғасын айтып берді

Астаналық модель Динагүл Тасова өзіне айтылған сынға жауап бере келе, өзін кімнің соққыға жыққанын айтты. Модель болашақ жоспарларымен бөлісті.

“Даудың бәрі Astana Fashion Night” сән көрсетілімінен басталды. Дизайнер менің нәзік ашық көйлекті киіп шығуымды қалады. Көрермендерді бірі тек көйлекті көрсе, бірі менің денемді көрді. Көрсетілім соңына ешқандай дау болған жоқ. Бәрі менімен суретке түсті. Жақсы пікірде болды. Сурет желі мен ақпарат порталдарында жарияланған соң дауға ұласты. Бәрі мені сөге бастады”, – дейді Динагүл.

Модель қоғамнан сын естіген соң сүйіктісінен қолдау күткен. Алайда сүйіктім өзімді соққыға жықты деп ренжіді, деп жазады Би-би-си.

“Кездесіп жүрген адамым мені қолдау былай тұрсын, ұрып-соғып тастады. Онымен 5 жыл кездестім. Мені түсінетін шығар деп ойладым. Телефонымды, компьютерімді тартып алды. Желідегі аккаунтымды өшіріп тастады. Ешкімге хабарласа алмай қалдым. Осындай келеңсіздіктерден соң біраз ойландым. Кейін көгерген денемді суретке түсірдім. Суреттен маған не істегенін көрсін дедім. Осы арқылы елдегі мәселені көтергім келді”, – дейді модель.

Модель сүйіктісін қатысты полицияға арыз жазбағанын, ондай ойы жоқ екенін жеткізді.

Динагүл Тасова еліміздегі зорлық-зомбылық көретін әйелдер құқығын қорғауды мақсат ететін бірлестік ашқысы келетінін айтты. Өзі агенттіктегі модель қызметімді жалғастыра бермек.

Модель қыз Астана қаласының жастар мәслихатының депутаты. Бұл мемлекеттік емес қоғамдық бірлестік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр