Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист жалаңаштанған әншілерді бақылайтын кеңес құруды ұсынды

Блогер әрі журналист Берік Сұлтан өнер адамдарының бейнебаяндарын жақсарту мақсатында көркемдік кеңес құруды ұсынды.

540b4c71320024543f33aec82da1495c_L

Сурет: voxpopuli.kz

Бұл туралы блогер Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

«Бізге әншілердің бейнебаянын тексеретін «Ұлттық көркемдік кеңес» керек. Олар сараламаған бейнебаян телеарнадан көрсетіліп, әлеуметтік желіге жүктелмеу керек. Ол көркемдік кеңесте бейнебаян сапасына, мағынасына және ең бастысы ұлттық талаптарға сай екенін тексеретін маман болуы шарт. Сапасы мен мағынасын тексеру түсінікті шығар», – деп журналист бейнебаяндардың қандай болуы керектігіні де атап өтті.

«Ұлттық талапқа сай бейнебаянда біреудің әйеліне ғашық болу, сол қатынға арнап өлең айту, бала күнгі ғашығын балалы-шағалы болғанда көріп қалып, махаббаты қайта оянып кету, аймаласу, сүйісу, төсі мен кіндігі көрінетін көйлек, санды жалтыратқан белдемше, тырысқан шалбар болмауы керек. Егер осылардың біреуі бейнебаяннан байқалса, оны ұлт болашағына бей-жай қарамайтын «Ұлттық көркемдік кеңес» жарамсыз етіп, қатаң ескерту беру қажет», – деді Берік Сұлтан.

Осылайша блогер ұрпақ тәрбиесіне терең мән бере отырып, әншілердің кері әрекетін қатаң сынға алу керектігін айтады.

«Қазір балаларды телеарна тәрбиелеп отырғанын жақсы білесіздер. Сол телеарна олардың киім кию үлгісін таңдап, ненің сән ненің ескілік екенін айқындап беріп отыр. Бұл өкінішті және өте қауіпті. Ертең қызыңыз бейнебаяннан көріп қасыңызда қысқа шортимен жүрмеуіне, төстартқышының түсі көрінетін көйлек кимеуіне, кіндігіне сырға тағып, шашын көк-қызыл қылып боямауына кім кепіл?! Ешкім жамандықтан сақтандырылмаған. Көшеде туып, қоқысқа баласын тастаған қыздың да ата-анасы қызын жаман болады деп ойлаған жоқ. Ол көргенін істеді. Сөйтіп, нәтижесінде зинадан бала туылды. Ұрпақ тәрбиесін жақсартудың ең негізгі тетіктерінің бірі бейнебаяндарды сүзгіден өткізу!» деп ойын түйіндеді блогер әрі журналист.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақ блогері әлеуметтік желілерді мүлдем жауып тастауды ұсынды

Талқылау