Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төсек қатынасы кезінде қияр пайдаланып, көңілдесін өлтіріп алған Германия азаматы айыпталады

Көңіл көтеру кезінде қиярдың кесірінен қайтыс болған көңілдесі үшін Германияның 46 жастағы тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

upload.version_1.0.3d8813fad5949e378c83720c53f23ad9.1350x1350

Сурет zakaz.ua сайтынан алынды

Оливер Д. әйелі мен қызы жоқ кезде үйіне көңілдесін шақырған. Олар жатын бөлмеге кірмес бұрын 4 бөтелке вино шарабы мен көп мөлшерде шнапс ішкен.

«Біз төсек қатынасы кезінде үнемі фаллоимитатор, сәбіз бен өзге көкөністерді қолданатынбыз», – деді айыпталушы Мангейм қалалық сотында.

Оқиға өткен жылдың шілдесінде болған. Азаматтың айтуынша, дәл сол күні көңілдесі өзімен бірге ешқандай жыныстық қатынасқа арналған ойыншық заттар әкелмеген. Сондықтан ол асүйдегі жартылай бөлінген қиярды алған.

Қиярды алдымен төсек қатынасында пайдаланып, кейіннен әйелдің аузына салған. Сол сәтте асүйде күйген иіс шығып, сол жаққа кетіп қалады. Азамат итіне тамақ беру үшін пешке ет салып кеткен екен. Оны алып болған соң, балконға шығып темекі тартқан. Жатын бөлмеге қайтып келгенде, жерде сұлап жатқан көңілдесін көреді.

«Мен оның тамағынан қиярды алып тастамаққа ұмтылдым. Бірақ, қиярдың жұмсақтығы сонша қолыммен ұстай алмадым», – дейді Оливер Д.

Әйел алғашына ес-түссіз күйде жатқан. Кейіннен ауруханада көз жұмған. Сот прокуроры азаматтың ісін ұқыпсыздыққа жатқызды.

«Ол әйелді олайша ұзақ уақытқа қалдыруға болмайтынын білуі керек еді», – дейді мемлекеттік прокурор Рейнхард Хофманн.

Айыпталушыға 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Сот төрешісі осы іске қатысты жұма күні шешім шығарады.

Талқылау