Төртем күтіп жүр: 8 немересін бағып отырған әжесі  жүкті болып шықты

Ұлыбритания тұрғыны Тұманды Альбионда төртемді дүниеге әкелген ең кәрі әйел атануы мүмкін. 50 жастағы Трейси Бриттен ересек 3 баласы мен 8 немересі бар. Алайда ол екінші рет тұрмысқа шығып, тағы да сәби сүйгісі келген.

Төртем күтіп жүр: 8 немересін бағып отырған әжесі  жүкті болып шықты

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Трейси мен күйеуі Стивен ЭКО жасату үшін арнайы Кипрге барып, осы мақсатты 7 мың фунт стерлинг жұмсаған. Қазіргі уақытта ол жүкті және құрсағында төртем жатқан көрінеді. Олардың үшеуі қыз, біреуі ұл екен.

«Жыл сайын мен сәбилі болғым келетін. 50 жасқа толғанымда: «Мен жүкті боламын», – деп ойладым», – дейді Трейси Бриттен.

Төртем күтіп жүр: 8 немересін бағып отырған әжесі  жүкті болып шықты

Әйелдің сөзінше, ол өзінің тарапына айтылып жатқан сындар үшін уайымдамайды.

Төртем күтіп жүр: 8 немересін бағып отырған әжесі  жүкті болып шықты

«Адамдар: «Сенің қызың бар. Оның балалары бар емес пе?» – деді. Болса не болды? Мен алғашқы және соңғы емеспін. Келбетіме қарап, 50 жастағы әйел деп айтпайсың. Өзімді 50 жастағыдай емес, әлдеқайда жас сезінемін. Адамдар не айтса да өздері біледі. Олар менің бастан кешкендерімді білмейді. Ал дүниеге келген төртемді көрген кезде, олар өз сөздерін қайтып алар еді», – дейді ол.

Төртем күтіп жүр: 8 немересін бағып отырған әжесі  жүкті болып шықты

Тресидің балалары 32, 31 және 22 жаста. Олар әйелдің бірінші некесінен туған. Алайда ол балаларының әкесімен 2003 жылы ажырасып кетіпті. Ал арада екі жыл өткен соң, ол қазіргі күйеуі Стивенді жолықтырған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар