Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт қытайлық ойыншыны сабаған астаналық хоккейші ойыннан шеттетілді

Континентальді хоккей лигасы Астананың «Барыс» клубының қорғаушысы Дамир Рыспаевты мерзімінен бұрын шеттетті. Рыспаев қытайлық «Куньлунь Ред Стар» клубының төрт ойыншысын ұрған болатын.

2674240

Фото: www.sports.ru 

«КХЛ регламентіне сәйкес ережені бұзғаны үшін Дамир Рыспаевты шеттету шешімі қабылдады», – делінген хабарламада.

Мұндай шеттетулер сот отырысында қайта қаралмайды. Тек дисциплинарлы комитеттің қарауынан соң ғана өзгертілуі мүмкін.

«Барыс» хоккейшісі қытайлық ойыншыларды мұз айдынында қуып жүріп сабағанын хабарлаған едік. Соның салдарынан «Барыс» клубының екі хоккейшісі Дамир Рыспаев пен Мадияр Ибрайбеков мачт соңына дейін шеттетілді. Өз кезегінде, төбелесте қатты соққы жеген қытайлық “Куньлунь Ред Стар” командасына мачты ары қарай жалғастырудан бас тартқаны үшін есебімен жеңіліс жазылды.

Жіберіп алмаңыз:

“Барыс” хоккей клубының төбелескіш ойыншысы әскерге кетті

ҚР Президенті Кубогінде орынға таласқан Қытай мен Ресей хоккейшілері жаппай төбелесті (видео)

ОҚО-дағы төбелес жеткіншек 7 жасар қызды зорлады деген сыбыстан соң басталған

Талқылау