Төрт күн бойы іздестіріліп жатқан қыз жоғалмас бұрын таксишінің алып қашқанын айтыпты

Сейсенбі, 8 Желтоқсан , 2015 9:12

Алматы облысында төрт күннен бері із-түзсіз жоғалған 20 жастағы студент іздестіріліп жатыр. 3-ші желтоқсан күні Жетіген ауылынан шығып кеткен бойжеткенді содан бері көрдім-білдім деген жан жоқ. Бірақ тәртіп сақшылары Айзада Авлатарованың қайда екенін анықтауға құлықсыз дейді туыстары. Сондықтан студент қызды достары мен еріктілер тобы іздестіруде.

image126531

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Айзада Авлатарованы іздеп табандарынан таусылған туыстары төрт күннен бері талай жерді шарлап шыққан. Алайда 20 жастағы қызды көрдім деген жан жоқ. Тусытары бойжеткенді алып қашты ма деп ойлайды. Сондықтан Айзада аман есен үйге қайтарса кешіруге де дайын.
«Жүргізушіден өтініп сұраймыз. Өтініш біздің жағдайымызды түсінуге тырысыңызшы. Ештеңе сұрамаймыз Айзаданы қайтарып беріңізші. Ешқайда шағымданбаймыз. Барлығы ештеңе болмағандай болады. Қыз аман-сау болса болғаны»,-дейді Айзада авлатарованың туысы Гүлзара Зарелова

20 жастағы студент 3-ші желтоқсан күні Жетіген ауылынан таксиге мініп, Өтеген батыр кентіндегі оқу ордасына бет алған екен. Экономика және құқық колледжінің 1-ші курс студенті сол бойы білім ошағына келмеген. Бірақ жол-жөнекей достарына хабарласып, жүргізушінің басқа бағытқа кетіп бара жатқанын айтқан екен. Дауысы дірілдеп, қорқып тұрғаны байқалды – дейді достары.
«Ол маған хабарласып таксист Өтеген батыр кентіне емес басқа жолмен кетіп бара жатқанын айтты. Нақты қай жер екенін түсіндіріп бере алмады. Содан кейін бірден байланыс үзіліп кетті. Мен қанша қоңырау шалсам да телефоны өшіріліп тұрды»,- дейді Айзада Авлатарованың досы Файзул.

Бойжеткен жоғалған күні-ақ полицияға арыз түскен. Бірақ одан бері төрт күн өтсе де тәртіп сақшылары іздестірмей отыр – дейді туыстары. Сондықтан Айзаданы ерікті жастар мен достары іздестіріп жатыр. Студент қыз әжесінің қолында өскен екен. Ал әкесі қайтыс болып, шешесі шетелге кетіп қалған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар