Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт ай жалақы алмаған “Ордабасы” футболшылары жаттығудан бас тартты

Ордабасы футбол командасының ойыншылары жалақыларын 4 айдан бері ала аламай сенделіп жүр. Шыдамы таусылған Ордабасы футболшылары бүгін кезекті жаттығуларына шықпай қалды. Ал, мәселені ушықтырмауға тырысқан команданың бас бапкері жалақыны осы айда болатынын айтып сендірді.

 

4 айдан бері еңбек ақыларын ала алмай шыдамдары таусылған команда ойышылары бүгін наразылық танытты. Айлықтарын ала алмай салы суға кеткен футболшылар тіпті жаттығуға да шықпай қойды. Қарашаның бесі күні Оқжетпес қомандасымен сайысатын оларды жаттығудан гөрі ақша жағы алаңдатып тұр. “Біз жаттығудан бас тарттық. Барлығы біледі біз 4 айдан бері жалақысыз жүрміз”, – дейді Ордабасы командасының қақпашысы Алмат Бекбаев.

Ал, бас бапкер болса айлықтың кешігу себебін қажетті қаражатты дұрыс есептей алмағандарынан көріп отыр. Сөзіне сенсек мәселе қараша айында шешіледі. “Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін командаға көптеген легионерлерді алдық. Соның салдарынан клубтың шығындарын дұрыс жоспарлай алмадық. Нәтижесінде ойыншылардың жалақысы сәл кешігіп жатыр. Мәселе қараша айында шешімін табады”, – дейді Ордабасы ФК бас бапкері Бақтияр Бәйсейітов.

Футболшылар бұл уәдені кезекті алдаусырату деп түсінеді. “Жаттығуға шығыңдар деді, бізге айлық екінші қарашада түседі деген. Тағы жоқ. біз сенбейміз. Жалақыны алдағы болатын ойынға дейін тағы күте тұруға тура келеді”, – дейді Ордабасы командасының қақпашысы Алмат Бекбаев.

Бас бапкер ойыншыларымен бір сағатқа жуық оңаша жиналыс өткізді. Алайда ұзақ әңгіме нәтижесіз болса керек, футболшылар жиыннан шыға сала жаттығуға емес үйді үйлеріне тарқасты.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағандының «Шахтер» футбол клубын бұрынғы шенеунік сатып алды

Қайрат Боранбаев Оңтүстік Кореяда олимпиада алауын ұстаған алғашқы қазақ жігіті

Америкалық ғалымдар міні жоқ «идеалды» әйел бетін анықтады

Заңгер жыртық джинсы киетін қыздарды зорлауға шақырды

Талқылау