Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт әріпті қала атын жазуға 10 млн теңге жұмсалғанына көпшілік таң қалды

Орал қаласына кіре беріске үлкен әріптермен жазылған шаһар атауы орнатылып жатыр. Бұл іске жергілікті бюджеттен 10 миллион теңге бөлінген. Қалалық тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлімінің мамандары бұл жөнінде STAN.KZ Астана арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

орал222

ОРАЛ деп үлкен әріптермен жазылған композицияның биіктігі он метр. Конструкцияның табанын барынша мығым ету үшін, іргетасына 20 тоннадай бетон құйылған. Күн мен желден қорғайтын, жауын-шашынға төзімді металлдар қолданылды. Құрылыс жұмыстары 1 желтоқсанда аяқталады деп жоспарланып отыр. Алып төрт әріптен тұратын жазудың неге соншалықты қымбатқа түскенін, мамандар былай түсіндіреді.

Осы әріптердің биіктігі 10 метр және Орал қаласының таңбасы орналасады. Қазіргі уақытта бетондық жұмыстар, металлоконстуркция орнату жұмыстары, электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары қалды. 20 тоннаға жуық бетон құйылады, әріптер тұратын металлоконструкциялар және 2 км жуық кабель тартылып, жарық шамдары орнатылады.-дейді Мирас Мүлкай  Орал қалалық ТҮКШ, жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы

Талқылау