Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт адамды қаққан “шымкенттік Үсенов” Дубайда демалып жүр

Бірнеше күн бұрын Шымкент тұрғынының адам өліміне себеп болған жол апатын жасап, бірақ амнистияға ілігіп, бостандықта жүргені туралы ақпарат әлеуметтік желіні кезіп кетті.

afc6c9c9faf1c774b0afc5a5fb858222ba5b64a1

Бұл туралы ratel.kz хабарлайды.

Көпшілігі соттың бұл шешімін әділетсіз деп санаған. Тіпті Амангелді Қалыбек есімді тұрғын жалғыз өзі қарсылық акциясын да ұйымдастырған еді.

Еске салсақ, 2016 жылдың 13 тамызында 21 жастағы Исмаил Сүйлеймен өзінің кабриолетімен жол жөндеп жатқан 4 жұмысшыны қаққан. Олардың бірі 21 жастағы Мұрат Әлібек оқиға орынында қайтыс болған. Ал апаттан соң Сүлеймен оқиға орынынан, кейін тіпті елден қашып кетеді.

Кейін оның ауқатты отбасынан шыққаны, көлікке мас күйінде отырғаны, өзімен бірге “ИЖ” маркалы газ тапаншасын ұстап жүргені белгілі болды. Ал 2017 жылдың наурызында Шымкентте сот өтіп, Сүлейменге айыппұл салынып, жүргізу құқығынан айыру туралы ғана үкім шығарылған.

Іс материалдарын қарай отырып, бұл жағдайға қатысты бірқатар деректерге қанықтық. Адам өліміне соқтырған апатты жасаған адамның ісі қылмыстық емес, әкімшілік құқық бұзушылық деп қарастырылыпты. Және тағы бір сорақысы іс материалдарында қайтыс болған Мұрат Әлібектің есімі бірде-бір мәрте кездеспейді.

c873a9311d2d5e3f2b3b32ec12a341792781739e

Ал Сүлейменді адамдар тобына соғып, Исабеков есімді азаматтың денсаулығына зиян келтіргені үшін ғана жауапқа тартқан. Сот материалдарында зардап шеккен жұмысшылар, жүргізушінің мас күйде болуы, өзімен бірге қару алып жүруі туралы сөздер жазылмапты. Осылайша адам өлімі туралы ақпарат айтылмаған соң, қылмыстық іс тоқтатылып, Сүлеймен бұл оқиғадан “сүттен ақ, судан таза” боп шыға келеді.

Ал мамандандырылған әкімшілік соттың хабарламасында былай делінеді: “Сүлеймен Исмайыл Ереханұлын ҚР әкімшілік кодексінің 610 бабы 2 бөлімі және 611 баптың 2 бөлімі негізінде айыпты деп танып, ол 15 АЕК (34 035 теңге) көлемінде айыппұл төлеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылсын және екі жылға көлік жүргізу құқығынан айырылсын”.

Сотқа Сүлейменнің өзі келмеген. Бірақ соған қарамастан судья Нұрлан Әлиев айыпталушысыз-ақ үкім шығара салады. Соған қарағанда 21 жастағы жігіт біраз уақыт бұрын-ақ Қазақстаннан тайып тұрған секілді.

0713ea932bbf48414eecdd8ea5007cdba2d12107

Егер оның Фейсбук парақшасындағы (жол апатынан соң өшіріп тастаған) ақпаратқа сенетін болсақ, жігіт қазір Дубайда білім алып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Астана әуежайында жалған құжатпен Сирия азаматтары ұсталды

Рак дерті жұққан жүкті ана: Құрсағыма біткен сәбиім мені өлтіріп бара жатыр

Қазақ қыздары құрастырып шыққан мобилді қосымша Google-дің бас директорын тәнті етті

Алматылық кәсіпкер орманда тұрған отбасыны жатақханаға орналастырды

Талқылау