"Алла разы болсын": Енесіне өлең арнаған Төреғалидің әйелі жұрттың ыстық ықыласына бөленді

Қызы мен ұлының қуанышында енесіне алғыс айтып, жыр арнаған Төреғалидің әйелі Толқын халықтың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Төреш

Алғыс айтып, ақ ниетін білдіру мақсатында енесіне өлең жолдарын оқыған жұлдыздың жары тойға келген халықты ерекше әсерге бөледі. Жүрегінен шыққан нәзік жолдар барша ағайынды елжіретіп жіберді.

Әлеуметтік желідегі парақшаларда бұл видео кең тарап үлгерген. Экраннан енесінің суреттері шығып тұрғанда Толқынның оқыған өлеңіне қызыққан желі қолданушылар да пікір жазудан қапы қалмады.

 

«Айналайын Толқын сіңілім, сен бақытты болуға лайықсың. Сенің барған жерің, отбасың жақсы, махаббатқа толы екені көрініп тұр. Амандық тілеймін. Алланың нұры жаусын саған. Балапандарыңның қызығын көруді Аллам нәсіп етсін», «Керемет, тектіден текті туады деген осы. Толқын, Аллам разы болсын», «Қандай әдемі! Маған да сіздей келін бұйырсын деп Алладан тілеймін», - деп ақ тілегін жаудырды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр