Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің анасы ұлының әуежайдағы шуы туралы: Жұртпен бірге баламды табаламаймын

Алматы әуежайында халықаралық ұшаққа билетсіз кіріп кетіп басы дауға қалған Төреғали Төреәлі тағы да елді шулатқан еді. Алайда анасы осы қылығы арқылы ұшақты 18 минутқа кешіктірген ұлының әрекетін әбестік көрмейді. Жұртпен бірге баламды табаламаймын, дейді ол.

Төреғалидің анасы ұлының әуежайдағы шуы туралы: Жұртпен бірге баламды табаламаймын

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ұлы дала баласының анасы Аяулым Төлепованың сөзінше, ұлы Төреғали мұндай қадамға баласы үшін барған. Отбасын ұшаққа шығарып салған әнші жұбайына көмектесу үшін баласын қолына көтеріп кіргізіпті.

“Шу шығатындай сондай болған жоқ. У-шуды білмеймін кім қалай шығарып жібергенін. Ондай баса көктеп ұрыс шығаратындай ештеңе де болған жоқ. Шыны керек, ол шындық. Баласын көтеріп, шығарып салды.», – дейді Аяулым Төлепова.

Еске сала кетейік, қыркүйек айында орын алған бұл оқиғада Төреғали билетсіз ұшақ бортына кіріп кеткен. Өнер иесі әйелі мен балаларын шығарып салмақшы болған. Соның кесірінен, Алматы-Гонконг бағытындағы ұшақ жарты сағатқа кешігіп ұшқан. Кейіннен бұл іске жауапты 4 бірдей қызметкерге айыппұл салынды. Сондай-ақ, Төреғалидің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді. Алайда әнші 15 мың теңге айыппұл төлеп құтылатын болды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау