Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалиді жақтаған Тұрсынбек Қабатовтың басы дауға қалды (видео)

Танымал актер Тұрсынбек Қабатов Төреғали Төреәліге қолдау көрсетті. Ол Төреғалимен Павлодардағы концерт кезінде дауласқан қария туралы әзілдеп, жұртты қызу талқысына түсті, деп жазады Stan.kz тілшісі.

“Төреғали, қош келдің. Павлодардағы концерттен кейін сені енді көріп тұрмыз. Енді қысылмай айта бер, залдың бәрін қарап шықтым. Залда ешқандай шал жоқ. Кілең әжелер, жігіттер, ұл-қыздар”, – деген Тұрсынбек Тұрсынбек атышулы “шалдың” өзіне де тиіскенін алға тартып, басынан өткен оқиғасын баяндады.

“Төреғалидің видеосынан кейін, Павлодарға концертке барғанбыз. Өзіміздің басымыздан өткен оқиғаны айтып берейін. Сол залда өнер көрсетіп тұрғанда жаңағы шал біздің де концертімізде отыр екен. Келген әншілердің концертінде шу шығару – өзінің стилі сондай екен.

Жасыратыны жоқ, бір сөмкеге ащы суын салып алып, балконда отырады екен. Сол қызған шағында маған: “ананы айт, мынаны айт”, – деп айқайлады. Әрі-беріден соң “аға, енді реті келгенде айтамыз ғой” дедім. Біреу шықса: “Ол шықпасын, Қабатов шықсын”, – деп әбден берекетімізді алды. Содан кейін сенің мақалыңды айтпағаныммен, соған жақындаттық біз де. Павлодар халқы да орнынан тұрып: “Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. Неге әншілердің мазасын қашырасың?” – деп ақсақалды үлкен кісілердің өзі залдан шығарып жіберген болатын”, – деп залда отырған көрерменді күлдірді актер.

Алайда аталған концертті тамашалаған желі оқырмандары Қабатовты сынға алды.

“Қанша жерден ақтасаңдар да, айтылған жаман сөзі жарамады. Мәдениетті адамдар бұлай сөйлесе, басқалар не болғаны?” – деп сынады оқырмандардың бірі.

“Тұрсынбекті мәдениетті, тәрбиелі, өте ақылды деп ойлап едім. Өсекші әйелдердей “шал, шал” деп мәз. Мұның жарамады”, – деді екіншісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі Алтынбек Қоразбаевпен татуласқан болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау