Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәліге Бақтияр Артаев автокөлік сыйға тартқан

“Бол жанымда” деп халық жүрегінен орын алып, одан кейін де көпшіліктің көңілінен шығатын әуезді әндерімен танылған Төреғали Төреәлі бұған дейін айтыс сахнасында олжа салған айтулы ақын. Айтыстан мінген көлігі де аз емес. Ал жуырда ғана ол жаңа көлік сыйға алыпты. jd5nrtbhtohl_2

Бұл туралы Дидар басылымы хабарлайды.

Төреғали айтыс сахнасында да олжасыз болған жоқ. 4-5 мәрте темір тұлпар тізгіндеген. Сол айтыстан ұтқан «Тойота 25» көлігін кешегі күнге дейін тақымына басыпты. Ал жуырда Афины олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев өнерлі інісіне «Мерседес 221» көлігін сыйға тартыпты. Әзірге әнші үшін ең бағалы сыйлық осы болып тұр.

Талқылау