Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Төреғали Төреәлі ұлды болды

Былтыр ғана үшінші қыздың әкесі атанған Төреғалидің шаңырағында үлкен қуаныш. Танымал хитмен ұлды болып, көпбалалы әкелердің қатарын толықтырды. Әншінің төртінші перзенті өмірге келді, деп хабарлайды Stan.kz. 

Төреғали Төреәлі ұлды болды

Сүйінші хабарды Төреғалидің өзі Instagram-дағы парақшасында өлеңмен жеткізді. 

"Ұл әкеп дүниеге жан жарымыз,
Жарқырап кеткендей ме жан-жағымыз?!
Бұрын үйде орамал, көйлек көп ед,
Көбейетін болды ғой шалбарымыз.
Үш қыздан соң Құдайым ұл беріпті,
Қалсын деп артымыздан жалғанып із.
Сансыз шүкір, мақтау мен мадақ болсын,
Қалайша ұмытайық Алланы біз!
Барған жерде ұлды бол деп жатушы ед,
Ақ бата беріп кемпір, шалдарымыз.
Сол елдің ақ тілегі қабыл болып,
Мінекей орындалды арманымыз.
Халайық баршаңызға раxмет,
Недеген жайдары еді жандарыңыз.
Мен сіздерден сүйінші сұрап тұрмын
Бұл себебі сіздердің балдарыңыз!
P.S Атқа мінер туғанын көрсетіп тұр
Атқа мінген суретті салғанымыз!" - дейді Төреғали. 

Айта кетейік, 2014 жылы отбасын құрған Төреғалидің Томирис, Тоғжан, Фатима есімді үш қызы бар. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жан жарым-ау, жан жарамды жазшы менің!💕

Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр