Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі халыққа заңды жұбайын көрсетті (фото)

Күні кеше “Қазақ қызға үйленем” деп жар салған Төреғали Төреәлінің құпиясы ашылды. Отбасылы екенін барынша жасыруға тырысқанымен оның заңды жұбайы бар екенін дәлелдейтін видеолар пайда болды.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші өзінің репертуарына қосылған тың туындыда басы бос екенін айтып, төрт қыздың бірін таңдай алмай дал болатын еді. Алайда заңды жұбайының бар екенін растайтын видеолардан кейін әнші отбасын жасыруды қоятын болар.

Танымал айтыскер ақын, әнші Төреғали Төреәлі 2014 жылдың 26 қарашасында шаңырақ көтерген. Бұл жайлы әншінің өнердегі достары Еркін Нұржанов пен Дастан Оразбеков және танымал асаба Нұрлыбек Ерғалиев өздерінің инстаграмдағы парақшасында хабарлаған болатын.

T--re--ali-T--re--li

10808746_908152749204623_364535032_n

01

Халық Ерке Есмаханмен қосып жүрген әншінің заңды жұбайы – Толқын Тұрарбекқызы. Әзірге қанша балалары бар екені белгісіз.

un4iL6Jh6zc

InTjF49QHQA

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін отбасын жасыратын жұлдыздар туралы жазған болатынбыз.

Талқылау