Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі қайта “студент” атанбақ  

Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлі жуырда ел аралап концертін беріп қайтқан-ды. Енді әнші шығармашылығына білек сыбана кірісуде. Қазір ол оңтүстік шаһарда бейнебаян түсіріп жатыр.

92ed2abc15c10e493dc046bd5dcf9acd_resize_w_520_h_

Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлаған.

“Асқар Мәденов деген менің бауырым, группаласым. Екеуіміз бірге оқығанбыз. Қайнар Алагөзов пен Есен Жүсіповке «Студенттік өмір»,-деген ән жаздырып, сол әнге бейнебаян түсіріп жатырмыз”- дейді Ұлы Даланың студент баласы – Төреғали Төреәлі.

Аталмыш бейнебаянға өзінің бірге оқыған үзеңгілес достары түсуде. Оның арасынан жау жүректі екі баланы кезіктіріп қалдық. Нақтырақ айтсақ, Аян Өтепберген мен жас депутат Асылхан Төлеповті. Бейнеклиптің режиссері Мерей Маханов. Тағы бір байқағанымыз актерлердің барлығы бала болып кетіпті. Сөйтсек, туындының сюжеті сондай екен.

“Ол кездегі толқыныс, ол кездегі қорқыныш… Енді оны бұл өмірде сезер ма екенбіз, сезбес па екенбіз… Енді ол әсердің барлығын видеоға сыйғыза алмайтын шығармыз мүмкін. Таңды, таңға ұрып айтсақ та жеткізе алмайтын шығармыз. Бірақ, сол кезде жүргендей бейнелер жасаймыз”, – дейді Төреғали.

Таспаланып жатқан бейнебаян жуырда жарыққа шығып қалады. Оған дейін де Төреғали басқа туындысымен қуантпақ.

“Менің репертуарымдағы әндердің барлығының әрлеушісі, сол менің Есен бауырым. Сол бауырымның әніне жазылған Қайнар Алагөзов ақын бауырымның өлеңі «Біртүрлі қыз»,-деген кішкене біртүрлілеу ән шыққан болатын. Соған Парасат, Аман деген бауырларым бейнебаян түсірді. Енді Құдай қаласа, бұйырса жарыққа шығады”, – дейді Ұлы Даланың студенті.

Ендеше, қос туындыны да асыға күтеміз.

Жіберіп алмаңыз: 

Айқын Төреғалидің әнін «ұрлап» алды (видео)

Оқушылар Төреғали Төреәліні ұстаздарымен шатастырып алды (видео)

Төреғали Төреәлі өзімен жанжалдасқан журналисті тағы әжуалады (фото)

Моңғол әншісі Төреғалидің әнін қазақ тілінде орындады (видео)

Талқылау