Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі Еркені сынаймын деп Есентаевадан сөз естіді

 Әнші Төреғали Төреәлі “Сырласу” бағдарламасына қонаққа келіп “Ерке менің арқамда танылып кетті” деген сарындағы ойымен бөлісіпті. Мұны Есентаеваға Ерке Есмаханның тыңдармандары жеткізген. Осыдан кейін Баян Есентаева Төреғалимен бірге жасалған жұмыс жайлы айтып, оған өзгелердің жұмысын сынай берудің жақсы емес екенін түсіндірмек болған.

ерке2

Бұл туралы STAN.KZ сайты хабарлайды.

ерке

«Менің әріптесім Төреәлі соңғы кездері өзгенің әртістеріне қатысты  жауапкершілікті өзіне алуды қатты жақсы көріп кетті! «Алло» ол ортақ туынды. Әнді Төреғали, клипті мен ұсынып біргелікте жақсы жұмыс істеген сияқты едік. Еркенің жеке әнші ретінде танылып жүрген уақыты Төреғалидікімен тең, екі жыл болды. Меніңше өзгенің еңбегін бағалай білу керек. Қымбатты Төреәлі, мен де мұнда өз жұмысымды білетін адамның бірімін. Ол бейнебаянды тоғыз миллионға жуық жұрт тамашалап, көпшілігінің көңілінен шығып жатыр. Сіздер де тіпті армандамаған клипке қолдарыңыз жетіп қалды. Сондықтан ортақ еңбегімізді бағалайық. Ерке ерекше дауыс иесі, әрі өзінің тыңдармандарын тапқан әнші. Олай болмаса Төреғалидың өзі бірге ән шырқау ұсынысын жасамас еді. Біздер Төреғалидың ұсынысына қатысты сол кезде  біраз ойланған болатынбыз»,-дейді Баян Есентаева

ерке1

Жұрт жақсы қабылдаған әнге Баян Есентаева кино түсіретіні жайлы айтқан болатын. Мынандай араздықтан кеін оның тағдыры не болары белгісіз. Ал Төреғали бұған дейін “91” тобының киім киісі мен сахнадағы жүрістеріне қатысты ауыр сөздер айтқан еді.

 

 

Талқылау