Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі «Біртүрлі қыз» әніне бейнебаян түсіріп жатыр

Танымал әнші Төреғали Төреәлі «Біртүрлі қыз» әніне бейнебаян түсіріп жатыр. Оқиғаның желісі әзірге беймәлім. Тек оның бейнебаянында жас актриса, «Қазақ аруы-2015» байқауының финалисі Әсел Мұстафаева түсіп жатқаны белгілі болды.

торе

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

#Біртүрліқыз🎬

Фото опубликовано Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)


Ел назарынан бір сәтке де таса қалмайтын Ұлы дала баласы бұл жолы да елді шулатты. Әншінің Инстаграмдағы парақшасында желі қолданушылары өзара тартысуда. Қолданушылардың бір легі Әсел Мұстафаеваны сынға алды. Шындыққа көз жеткізбестен бұрын, ұрсуға көшкен тыңдармандар: «Түрік қызы ма?», «Расымен де түрікке ұқсайды екен», «Қазақ қызы табылмады ма?» деген сынды пікірлер қалдырған.

Алайда қазақ қызының намысын қорғаушылар да табылды. «Әдемі қыз екен. Ән маған ұнады», – деп жазған Әлібек есімді тыңдарман.

«Қыз-жігіттер, тек біреуді сынап-мұқатқанды білесіңдер. Одан да осындай әнші баламыз Төреғалиға қолдау көрсетпейсіңдер ме?» – дейді Шынар Әбсаттарова.

Әсел Мұстафаева да өзінің желідегі жеке парақшасында түсірілім алаңынан фото, видео жариялады.

продолжаем 🎬📹🎥 #біртүрліқыз🎬

Видео опубликовано @aselmustafaeva

Бұл – халықтың пікірі. Оған еш ренжімеңіз, Ұлы дала баласы! Бәлкім бейнебаян жарыққа шыққаннан кейін жағымсыз пікір иелері сөздерін артқа қайтарып алар. Оны болашақтың еншісіне қалдырайық!

 

Талқылау