Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі: Әйеліммен ажырасайын десем, бажамды қимаймын

Әнші Төреғали Төреәлі желіде бажасымен бірге түскен суретін жариялап, әзілдеді, деп жазады Stan.kz.

Төреғали Төреәлі: Әйеліммен ажырсайын десем, бажамды қимаймын

Өз жазбасында Төреш бажасының мақтауын асырып, бауырдай жақын боп кеткенін айтты.

«Мақалда жазылғандай, бажаммен татуласып қайын жұртта төс жеп отырмыз. Азекең бұрын жеген, біз кішкене кеш жеп отырмыз. «Әйеліммен ажырасайын десем бажамды қимаймын” дейтіндей-ақ қой менің бажам», – деп әзілдеді әнші.

Өз кезегінде желі қолданушылары олардың татулықтарына тәнті болып жатыр.

“Татулықтарыңыз ұзағынан болсын”, “Қой, жаман сөз айтпа, ажырасқаны несі”, “Осылай қатырмасаң Төреш боласың ба”, – деп жазды пікір қалдырушылар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау