Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде Төреғали мен Еркенің концертінде тыңдармандар сахынаны басып алды (фото, видео)

Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің ақтөбелік фанаттары сахнаны басып алды.

IMG_8383

Бірнеше әнді дуетпен орындап жүрген танымал жұлдыздар Ақтөбедегі Тұңғыш Президент атындағы саябақта құрылысшылар мерекесіне арнайы келген болатын, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

IMG_8366

Тегін концерттің болатыны жөнінде бірнеше күн бұрын инстаграм желісінде хабар тараған еді. Соңғы кезде хит әндер орындап жүрген қос жұлдызды көруге келгендер аз болмады.

IMG_8395

Құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен алдымен облыс басшысы Бердібек Сапарбаев құттықтап, оларға алғыс хаттар табыстады. Шараның салтанатты бөлігі өткен соң, сахнаға Төреғали шықты. Халық сахнаға жақын тұру үшін қоршауларды ұшырып әкете жаздады. Ал, Ерке Есмаханды хабарлаған кезде жұрт сахнаға лап қойды.

IMG_8410

Екі жұлдыздың фанаттарын тәртіп сақшылары да тоқтата алмады. Кенет, тыңдармандар сахнаны да басып алды. Ерке мен Төреғали ән айтуды тоқтатпады. Керісінше, ақтөбеліктер тарапынан болған әрекетті екеуі де қошемет деп санаған тәрізді.

IMG_8449

Сахнаға ұмтылғандардың қатарында аяғы ауыл келіншектер мен таяққа сүйенген әжейлер де болды. Бірнеше бала жоғалып кетіп, аналары көз жастарына ерік берді.

Кейбір фанаттар тәртіп сақшыларымен төбелесуге дейін барды. Бір жігітті тәртіп сақшылары жабылып сабап тастады. Қысылып қалғандары артқа қарай шыға алмады. Сондықтан, күзет қызметі оларды сахна арқылы парктің басқа жағына өткізіп жіберуге мәжбүр болды.

Фанаттарды тоқтата алмай жүргендердің бірі қала басшысының орынбасары Жандос Байырханов Ерке Есмаханды соңғы әнін орындап бола бере көлікке отырғызып алып кетті.

Ерке мен Төреғали кеткен соң, концерт көруге келгендердің дені айналдырған жарты сағаттың ішінде тарап кетті. Дегенмен, сахнадан жүргізушілер жоғалып кеткен балалардың сахнаның артында екенін хабарлап жатты.

Тағы да оқыңыз:

“Каzахи” Назарбаевпен “жыл фотосына” түсті

Бішкек халқына кітабын таныстырған Баян сахнада асыр салып биледі (видео)

Белгілі ақын Жаратқанға күмән келтіріп, ел алдында ішімдік ішкен Әшімовті сынап тастады

Талқылау