Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали мен Ерке «Алло» әнінің жалғасын шығарды (видео)

«Алло» деп ән салған Төреғали мен Ерке хит туындының жалғасын шығарды.

Screenshot_1

“Тағдыр енді телефонмен тілдестірмесін,

Бірге кештірсін,

Өмірімді өзіңмен жаным”, – деп ән салған жұлдызды жұп бұдан былай Жаратқаннан жұптарын жазбауды сұрады.

Бұл әнді де алдыңғы хиттің авторлары Құрал Молжанов пен Қайнар Алагөзов жазып шыққан.

Ән мәтінінің авторы, ақын Қайнар Алагөзов: «Бірінші ән сәтті шығып, бүкіл қазаққа танылып, таралғаннан кейін жалғасы болғанын дұрыс деп ойладық, қыз бен жігітті қайта кездестірдік», – дейді.

«Алло» бейнебаяны жарыққа шыға салысымен-ақ сөзсіз хитке айналған еді. Жаңа туынды алдыңғы хиттің шаңына ілесе ала ма? Оны аз уақытта білетін боламыз.

Айтпақшы, Төреғали мен Ерке бұл туындыға бейнебаян түсіретін-түсірмейтіні де белгісіз. Алайда Ұлы дала баласы жаңа бейнебаянға қуанбаса, ренжімейтінін айтып қалды. Соған қарағанда клип түсіру жоспары нақтыланбаған.

Айта кетейік, Төреғалидің әкесі Төреәлі мырза аймақтық концерттердің бірінде Ерке Есмаханның Төреғалидің арқасында танымал болғанын айтып, жұртты дүрліктірген еді. Еркенің продюсері Баян Есентаева әріптесінің бұл қылығына ашуланып, БАҚ-тарға сұхбат берген-ді. «Ерке Төреғалиға дейін де өз тыңдармандарын тапқан әнші» деп жар салған Есентаева алғашқыда бұл хикаяның фильмге негіз болатынын айтқанымен, шулы оқиғадан кейін бұл райынан бас тартқан болатын.

Бірақ ештеңеге қарамастан, жұлдызды жұп қайта «татуласып», кезекті туындыларын дүниеге әкелді.

Көңілі дархан, пейілі кең қазақ әншілерінің бір-біріне кешіріммен қарап, тыңдарандарын жаңа туындымен қуантқанына «Бәрекелдіден» басқа айтарымыз жоқ!

Жіберіп алмаңыз: 

Төреғали Ерке Есмаханды тележүргізуші бүлдіршінге айырбастады (видео)

Төреғалимен бірге ел аралаған Ерке мәдениетсіздік танытқан (фото)

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан қайта табысты

Ерке Есмахан әнші Төреғалидың концертіне келмеді

Талқылау