Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали көңіліне кірбің түсірген әріптестері жайлы бар шындықты жайып салды

Бүгінде 5 күндік концертке білек сыбана кіріскен Төреғали есеп беру кешінде отандық шоу-бизнестегі бірнеше әншілермен жаңа дуэттерді дайындап жатқанын жеткізді. Алайда, ән сапар, тығыз кесте Төреш пен өзге жұлдыздардың емін-еркін жұмыс істеуіне кері әсерін тигізбей қоймаған. Stan.kz тілшісімен сұхбаттасқан әнші әріптестері жайлы бар шындық жайып салды.

«Әр өнерпаз әр түрлі. Бәрі ерке! Біреуі ерке, біреуі серке! Менің деңгейім жетпейтін әншілер де бар оның ішінде. Студияға барып жаза беріңіз, біз артынан барып жазамыз дегенге көп әншілер көнбейді. Жоқ, біз бірге барып жазуымыз керек деп жатқан әріптестер де бар», – деп ағынан жарылған Төреғали ән жазу студиясында болып жатқан құпиялардың да құлпын ашып қойды.

Сонымен қатар, 5 күн бойы Төреғалимен қосыла ән шырқайтын жұлдыздар әнді қойып, Төрештің таңдаған тректерінің мәтінін де келеке қыла бастаған көрінеді.   Тіпті, талай мәрте әннің сөздерін сынға алып, кеш иесінің көңіліне кірбің салған сәттер де аз болмаған.

«Бірақ, білмеймін менімен дуэт айтуға келген кезде әншілердің барлығының әдебиетке деген, мәдениетке деген құрметі артып кетеді ғой деймін. Мына сөз болмайды ғой, мына сөз қате ғой, осы уақытқа дейін поэзия айтып келе жатқан әншілерге ұқсап, керіліп қалып жатқан әншілер де бар енді», – дейді Ұлы дала баласы!

Алайда, таяқтың екі ұшы деген бар! Әріптестерінің кейбірі Төрешті келеңсіз жағдайға қалдырып жатса, керісінше әнші жігіттің қолдап, түсіністік танытқан танымалдарда бар…

«Айдана Меденоваға риза болдым. Студияға барыпты да, әнді тыңдап, мына ән сізге тональность жоғары ғой десе, мен өзімінің тональностімде айтатын болсам, Төреғалиге ол өте төмен болып қалады депті. Төреғалидің концерті ғой, мен шыңғырып, қиналып айта беремін деп, маған ыңғайлы тональностьті қалдырып кетіпті», – деп Төреш Айданаға деген алғысының шексіз екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, «Ұлы дала баласы» қазан айының 10,11,12,13,14 күндері Алматыдағы зәулім сарайда #Айхай25 атты ән кешін өткізуді жоспарлап отыр.

Тағы да оқыңыз:

Айдарқұловтың экс-жары әзілкешпен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты

Меруерт Түсіпбаева: Көлігімді жұбайым ретінде жақсы көремін (фото)

Қайрат пен Төреғалидің “Жекпе-жекте” тең түскені тыңдармандарға ұнамай қалды

Талқылау