Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали “Алло” әнін өзбек әншісі Шахзодамен орындап шықты (видео)

Күні кеше Төреғали Төреәлі “Айхай-25” концертінің үшінші күнін өткізді. Кеш барысында Төреш танымал өзбек әншісі Шахзодамен дуэт орындады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Төреғали мен Шахзода ел арасында кеңінен тарап кеткен “Алло” әнін шырқаған.

Тыңдармандар бұл жаңалықты әртүрлі қабылдады. Олардың бір тобы жаңа дуэттің сәтті шыққанын айтса, екіншілері “Аллоның” сәнін келтіріп тұрған Ерке еді” деп назданды.

“Қазақтың Еркесіне жетпейді ғой”, “Бұл әнді Шахзодамен айтпай-ақ қою керек еді, көңілім қалды”, “Керемет, әдемі айтты”, “Неге Еркемен орындамайды, қазақтың қызын сыйламағаны ма”, “Жақсы орындалған, бірақ Еркемен айтқан одан да жақсы”, – деп пікір білдірді желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Айдана Меденовамен дуэт айтқан продюсер желі “жұлдызына” айналды (видео)

Төреғалидың командасы сахналық образын сынағандарға жауап берді

Қайрат пен Жұлдыздың махаббатына колледж ұстаздарына дейін қызыға қараған (фото)

«Батылданып бай іздеген анау кім»: Торғайлық ақын жар іздеп, жаға жыртысқандарды өлеңмен сынады (видео)

Талқылау