Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да жағдай ушығып барады: Өңірді топан су басты

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланды! Бүгінде мұнда тосыннан келген топан су бірнеше үйлерді шайып кеткен. Соның салдарынан 300 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Ал жұрттың дүние мүліктерінің барлығы жарамсыз күйге түскен, деп хабарлайды КТК.

Осылайша, тасқын аягөздіктерді тосырқатып тастады. Тіпті, қызыл судың көп болғаны соншалықты, өзеннің жағасындағы шамамен екі метрлік жардан да асып кеткен. Ал арнасынан қашқан су жақын орналасқан үйлерді бірден шайып өтіпті. Оның тереңдігі белуардан келгендіктен, тұрғындар дүние-мүлік түгілі жандарын әрең сақтапты.

Тұрғындардың айтуынша, атқамінерлер көмек беруге асықпаған сыңайлы. Олар келгенше, қараша тасқын суға өз күштерімен тосқауыл болуға тырысқан. Әйтсе де, әуре-сарсаңға түскен жұрт, баспана ішінде қалған жеке бас құжаттарын да алып үлгермеген. Тіпті көлкіген суларды тазартуға келген көліктердің өзі жұрттың қытығына тиді.

Бүгінде 40 баспана су астында қалғаны белгілі болып отыр. Ал облыстық төтеншеліктердің мәліметінше, көшірілген 300 адам жергілікті екі мектепке орналастырылған екен. Қазір зардап шеккендер қажетті заттармен толық қамтамасыз етіліп жатқан көрінеді. Атқамінерлер де атқа қоныпты.

“Жергілікті билік орындарының өкілдерінен құралған комиссия тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, су алған аймақтар тазартылып, өзеннің жағасы иннерттік материалдармен бекітілуде”, – дейді ШҚО ТЖБ бастығының орынбасары Александр Ломыгин.

Жергілікті атқамінерлер осылайша бүлінген жерлердің қалпына келтіріліп жатқанын айтуда. Шыққан шығын мөлшерін құрылған арнайы комиссия анықтайтын болады. Сондай-ақ, «Қазгидрометке» сілтеме жасаған құтқарушылар жаңбыр жауып, су тасқыны әлі де болатынын ескертуде.

Тағы оқыңыз:

Мұхтар Шаханов Оразалинді «Қоразалин», Оразалин Шахановты «Шакалов» деп атады

Жұмыртқа ұзақ сақталу үшін үшкір жағын төмен қаратыңыз: Асүйге қажетті 15 кеңес

Астанада әкесі 11 жасар қызын аяусыз сабап тастады

Талқылау